Қазақстан жалпы медальдар кестесінде 3 саты төмен сырғыды

1 тамыз 2024 3:03 / Sport

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бүгін жалпы медальдар кестесінде 3 саты төмен сырғып, 15-ші орынға жайғасты. Әзірге Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Ал жалпы медальдар саны бойынша Қытай құрамасы көш басына шықты. Олар 6 алтын жүлдесін 8-ге жеткізіп, бірден медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді. Әзірге олар 8 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль еншілеп тұр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Екінші орынға 7 алтын, 4 күміс, 3 қола иеленген Аустралия көтерілді. Үздік үштікее Жапония құрамасы жайғасқан. Олардың еншісінде 7 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль бар, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ал, Олимпиада ойындарының қабылдап жатқан франциялықтар 6 алтын, 9 күміс, 7 қола медальмен 4-орында келе жатыр.

Бүгін Париж Олимпиадасында 6 мемлекеттің қоржынына алғашқы жүлделері түсті. Осылайша медальға қол жеткізген елдер саны 40-қа жетті.

Айта кетейік, қазір санаулы уақыттардан кейін бокстан әйелдер арасында 75 келі салмақта Валентина Хальзова шаршы алаңға шығады.

Серіктес жаңалықтары