Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының кіші қола жүлдегері атанды

9 ақпан 2024 10:00 / Sport

Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында бүгін қазақстандық атлет Кирилл Староверкин жұлқа көтеруде 150 келіні бағындырып, кіші қола медаль иегері атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Азия чемпионатында ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақтың үздіктері анықталды. Бұл салмақта отандасымыз Кирилл Староверкин ел намысын қорғады.

Нәтижесінде жұлқа көтеруде 150 келіні бағындырған ол кіші қола медаль иегері атанды. Ал серпе көтеруде 180 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысында 330 келі көрсеткішпен 4-орын иеленді.

Жарыс қорытындысы:

1-орын - Оңтүстік Корея - Вон Йон Бём 367 кг (161+205)2-орын - Өзбекстан - Суннатилла Усаров 346 кг (161+185)3-орын - Қырғызстан - Нұрсұлтан Тармалов 333 кг (149+184)4-орын - Қазақстан - Кирилл Староверкин 330 кг (150+180)

 

Серіктес жаңалықтары