Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирдің чемпионы атанды

2 маусым 2024 0:05 / Sport

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин жұптық сында Монастир (Тунис) ITF турнирінде топ жарды. Жарыстың 1-ракеткалары Г.Ломакин мен ресейлік Илья Симакин барлығы төрт кездесу өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық-ресейлік жұп жартылай финалда америкалық Джордан Чиу – үндістандық Рохан Мехраны 6:0, 6:3 есебімен ойсырата жеңді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Финалда Ломакин – Симакин жарыстың 4-ракеткалары, португалиялықтар Педро Араухо - Хосе-Луис Маркесті 6:1, 7:5 есебімен ұтып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 244-орындағы Дмитрий Попко жекелей сында Виченца (Италия) челленджер додасында әлемнің 134-інші, жарыстың 1-ракеткасы, корт иесі Франческо Пассароға 2 сағаттан астам уақытқа созылған тартысты матчта жол берді – 3:6, 6:3, 4:6. Сөйтіп ол жартылай финалдан тыс қалды.

Сондай-ақ Жібек Құламбаева жұптық сында ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге Брешия (Италия) ITF W75 турнирінің финалында испаниялық Ивон Кавалье-Реймерс – италиялық Аврора Зантедешиден жеңіліп қалды – 6:3, 5:7, 6:10. Бұл ойын 1 сағат 38 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Италиядағы турнирдің финалына шыққанын жазған едік. Ал, Ролан Гаррос турнирінде Елена Рыбакина 1/8 финалға өтті.

Серіктес жаңалықтары