ҚХЛ: «Барыс» бейжіңдік «Куньлунь Ред Старды» жеңді

23 қазан 2023 0:01 / Sport

«Барыс» командасы Құрлық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) командасына қарсы өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады. 

Елордалық команда биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді. Қазір турнир кестесінде «Барыс» 21 ойыннан кейін 18 ұпаймен 20-орында тұрған еді. Алдағы уақытта плей-офф сатысына шығу үшін енді әрбір ойында жеңіс қажет.

Қытайлық команда турнир кестесінде «Барыс» қатарлас келеді. Олар үшін де әрбір жеңістің маңызы зор.

Кездесу барысында елордалықтар алғашқы болып есеп ашты – 7-минутта Давид Скленичка мергендік танытты.

Екінші кезеңнің 22-минутында «Куньлунь Ред Стар» сапынан Нолан Мойл таразы басын теңестірді.

Ал «Барыс» қатарынан Михаил Рахманов 24-минутта есепті үстемелесе, қытайлық клубтан Девин Броссо 53-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте «Барыстың» жолы болды.

Енді астаналық клуб 24 қазанда Ресейдің «Автомобилистімен» (Екатеринбург) шеберлік байқасады.

Автор
Серіктес жаңалықтары