Қырғыз балуаны алтыншы рет Азия чемпионы атанды

15 сәуір 2024 8:00 / Sport

Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында әйелдер арасындағы кіл мықтылар анықталды. Аталған додада жергілікті балуан Айсұлу Тыныбекова кезекті чемпиондық атағына қол жеткізді. Осылайша ол Азия чемпионатының 6 дүркін жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қырғыз спортшысы бүгін финалдық сында жапониялық Сакура Матокиді жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Айсұлу 2013 жылдан бері Азия біріншілігіне 11 рет қатысып барлығынан жүлдесіз қайтқан емес. Оның тоғызында финалда белдессе, тек үш рет қана есе жіберген.

Сонымен қатар қызғызстандық балуан қыз әйелдер күресінен әлемнің үш дүркін чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері. Ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік балуаны атанған. Оның есімі тек Қырғызстанда ғана емес, төрткүл дүние спортында ерекше аталады.

 

Серіктес жаңалықтары