Қысқы Азия ойындары Алматыда өтуі мүмкін
3 ақпан 2026 14:29 / Sport
Қазақстанның оңтүстік астанасы — Алматыда 2029 жылы Қысқы Азия ойындары өтеді. Бұл туралы Азия Олимпиада кеңесі мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Азия ойындарын өткізуші қала туралы ресми келісімге 5 ақпан күні Миланда қол қойылуы мүмкін.
Айта кетейік, бастапқыда 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясында өткізу жоспарланған еді. Алайда қаңтар айында елдің Олимпиада және Паралимпиада комитеттері Азия Олимпиада кеңесімен бірлесе отырып турнирдің өткізілуі белгісіз мерзімге шегерілгенін мәлімдеді.
Ал соңғы Қысқы Азия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өткен болатын.
30 қыркүйек 2026 12:28 / Sport
Елдос Сметов Азия ойындарын жеңіспен бастады
28 қыркүйек 2026 15:31 / Sport
Тоқаев Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
14 қыркүйек 2026 12:13 / Sport
Геннадий Головкин туралы қуанышты жаңалық шықты
10 қыркүйек 2026 12:25 / Sport
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
22 тамыз 2026 17:05 / Sport
Қазақстанда балалар және бұқаралық спорт 1,8 млн бала мен жасөспірімді қамтиды
21 шілде 2026 17:17 / Sport