Роналду 2023 жылдың ең бай спортшысы атанды

1 қаңтар 2024 17:00 / Sport

Америкалық Forbes журналы өткен жылы қанша табыс тапқанына қарай әлемдік спорт жұлдыздарының рейтингін жасады. 38 жастағы португалдық футболшы Криштиану Роналду бірінші орын алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның байлығы шегерімдер мен салықтарды есепке алмағанда 126 миллион еуроға өсті.

Екінші орында оның мәңгілік қарсыласы, 36 жастағы аргентиналық Лионель Месси тұр. Ол 120 миллион еуро табыс тапты.

Үшінші орында 111 миллионмен 25 жастағы француз Килиан Мбаппе.

Үздік ондыққа сонымен қатар:

🔻Баскетболшы Леброн Джеймс, 110 миллион еуро
🔻Боксшы Сауль "Канело" Альварес, 101 миллион еуро
🔻Гольфист Дастин Джонсон, 99 миллион еуро
🔻Гольфші Фил Микельсон, 98 миллион еуро
🔻Баскетболшы Стивен Карри, 93 миллион еуро
🔻Теннисші Роджер Федерер, 88 миллион еуро
🔻Баскетболшы Кевин Дюрант, 83 миллион еуро

Серіктес жаңалықтары