Теннистен жасөспірімдер құрамасы үздік ондықтың қатарында

5 қараша 2023 18:34 / Sport

Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Davis Cup Juniors Finals турнирінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үздік ондықтың қатарына енді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық жасөспірімдер табысты өнер көрсеткен.  Мықты құрамалар жиналған В тобында қазақстандықтар үшінші орынға ие болды. Италиялықтар финалдық кездесуде Чехиямен алтын жүлдені сарапқа салады. 

Бастапқы кездесуінде қазақстандықтар 2012 жылғы әлем чемпионы Италияға 1:2 есебімен есе жіберді. Содан кейін оңтүстіккореялықтардан 2:1 есебімен басым түсті. Шешуші ойында Davis Cup Juniors жарысының алты дүркін жеңімазы Испанияға жол берді. Қорытынды есеп – 1:2. 

Қосымша турнирде қазақстандықтар Перуді 2:0 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін өткен жылғы әлем чемпионы Бразилияны 2:1 есебімен жеңді. Бүгін Қазақстан 9-орын үшін Аргентина құрамасымен таласады. 

Командалық әлем чемпионатында ел намысын Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай қорғады. Құрама капитаны - Сергей Квак.

Серіктес жаңалықтары