U20: Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанды

8 қыркүйек 2024 2:00 / Sport
Фото: olympic.kz

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды. 97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек финалда әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдесті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ересектер арасындағы әлем чемпионы саналатын Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Айта кетейік, турнир барысында Ризабек барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.

Еске сала кетейік, Ризабек былтыр тамызда 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында 92 кг дейінгі салмақта күміс жүлде алған болатын.

Сондай-ақ, былтыр ересектер арасында (92 келі) әлем чемпионы атанған.

Ризабек Айтмұхан — еркін күрестен жастар және ересектер арасында әлем чемпионатында топ жарған алғашқы қазақстандық балуан.

 

Серіктес жаңалықтары