UFC құрамына тағы бір қазақ спортшысы қосылды
Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Азат Мақсым өнер көрсететін әлемдегі ең үздік промоушен UFC-мен аралас жекпе - жек шебері
да келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы prosports.kz жариялады.
26 жастағы спортшы 61 келіде күш сынасады. Бекзат Алмахан ММА-мен 17 жасынан бері айналыса бастаған. Оны белгілі бапкер Дәнеш Дүнгенбаев жаттықтырады.
UFC қазақ спортшысы дебютінің уақыты мен қарсыласы таяу уақытқа жоспарланатынын мәлімдеді.
Бекзат Алмахан бұған дейін OCTAGON лигасында барлық жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Ол кейінгі тоғыз жекпе-жегінде айқын жеңіске жеткен.
Қараша айында өткен OCTAGON 52 турнирінде Бекзат жекпе-жек аяқталуына 2 секунд қалғанда бразилиялық Ян Ферразды нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, өткен жылы UFC-мен келісімшартқа қол жеткізген Азат Мақсым 4 ақпан күні промоушендегі екінші жекпе-жегін өткізеді.