XXXIII Олимпиада: 29 шілдеде кімдер жарысқа шығады

29 шілде 2024 8:58 / Sport
Фото: Туризм және спорт министрлігі

29 шілдеде Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар сайысқа түседі. Олардың жарыс кестесінің уақыты Олимпиада ойындарының сайтында көрсетілген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

12:00. Әйелдер. Жеке қылыш. 1/32 финал.Айгерім Сарыбай - Чайма Бенадуда (Алжир)

12:15. Оқ ату. Микст. Пневматикалық тапанша. 10 метр. Іріктеу.Никита Чирюкин, Ирина Юнусметова

12:30. Академиялық есу. Ерлер. Жартылай финал E/F 1.Владислав Яковлев

12:30. Оқу ату. Әйелдер. Пневматикалық винтовка. 10 метр. ФиналАлександра Ле

13:00. Дзюдо. Ерлер. 1/16 финал.73 келі. Данияр Шамшаев - Муроджон Юлдошев (Өзбекстан)

13:16 Садақ ату. Ерлер. 1/8 финал.Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко. Қазақстан - Италия

14:13 Жүзу. Әйелдер. Шалқалау жүзу. 100 метр. Іріктеу.Ксения Игнатова

15:00 Теннис

18:40 Бадминтон. Ерлер.Дмитрий Панарин - Брайан Янг (Канада) (18:40-тан ертерек емес)

23:00. Үстел теннисі. Ерлер.Кирилл Герасименко

00:04. Бокс. Ерлер. 1/8 финал.63,5 келі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Лай Чу Ен (Тайбэй)

Жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Спортшылар жарыстың басында да, күні бойы басқа уақытта ойын көрсетуі ықтимал.

 

Серіктес жаңалықтары