Жібек Құламбаева Тунистегі жарыстың жеңімпазы атанды
5 қараша 2023 4:13 / Sport
Жібек Құламбаева жұптық сында Монастир (Тунис) ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстандық теннисші қытайлық Гао Синьюймен бірге финалда Алена Фалей (Беларусь) – Полина Яценкомен (Ресей) шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық дуэт қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.
Екінші сетте белоруссиялық-ресейлік жұп есе қайырды – 6:2.
Супер тай-брейкте Ж.Құламбаева мен Г.Синьюй жеңісті жұлып алды – 10:7.
Осылайша Жібек жұптық сында кезекті титулына қол жеткізді.
30 қыркүйек 2026 12:28 / Sport
Елдос Сметов Азия ойындарын жеңіспен бастады
28 қыркүйек 2026 15:31 / Sport
Тоқаев Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
14 қыркүйек 2026 12:13 / Sport
Геннадий Головкин туралы қуанышты жаңалық шықты
10 қыркүйек 2026 12:25 / Sport
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
22 тамыз 2026 17:05 / Sport
Қазақстанда балалар және бұқаралық спорт 1,8 млн бала мен жасөспірімді қамтиды
21 шілде 2026 17:17 / Sport