1 қаңтардан бастап қанша адамның жалақысы көбейеді

6 қыркүйек 2023 12:39 / Новости Казахстана

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге артылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Барлық саладағы меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджет қызметкерінің ақшалай табысы көбейеді, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ең төменгі жалақы – қатардағы, біліктілігі жоқ жұмысшыға ақшалай төлемдерді анықтауға арналған ең төменгі еңбек стандарты. Бұл ретте жұмыскердің жалақысы оның біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, саны мен сапасына қарай қалыптастырылады.

Серіктес жаңалықтары