1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері көбейеді

27 тамыз 2024 11:23 / Новости Казахстана
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрлігі алдағы екі жылға арналған республикалық бюджет жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялады. 2025-2027 жылға арналған жобада 2025 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері көбейетінін мәлімдеген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Биылғы есептік көрсеткіштер мөлшері:

ең төменгі жалақы – 85 мың теңге ($176); АЕК – 3692 теңге (7,6 доллар);

ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге (119,8 доллар);

ң төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге (89,9 доллар);

ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 28 215 теңге (58,4 АҚШ доллары) болса, 2025 жылға арналған жоба мақұлданса: ең төменгі жалақы – 85 мың теңге ($176);

АЕК – 3932 теңге (8,1 доллар);

ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге (130 доллар);

ең төменгі күнкөріс деңгей – 46 228 теңге (95,7 доллар);

ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 32 360 теңге (67 доллар) болады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемін 8,5%-ға арттыру көзделген. 

Серіктес жаңалықтары