255 мың теңге көлеміндегі мобильді аударымдар тексеріле ме?

23 ақпан 2024 10:00 / Новости Казахстана

Елімізде мобильді аударымға қатысты салық салу шарты қайта қаралады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Министрдің айтуынша, салық комитеті үш айдың ішінде 100 және одан да көп адамнан жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақыдан, яғни, 255 мың теңгеден асатын ақшаны мобильді аударым арқылы алған болса тексеруге негіз бар деп есептейді.

«Бір жылдық табысы 12 ең төменгі жалақыдан асатын, шамамен 1 миллион теңгені құрайтын адамдар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті. 2023 жылы бөлшек саудада қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86 пайызға жетті. Халық QR-ды жиі пайдаланып жүр. Былтыр сәуір-қазан айларында QR төлемдердің көлемі 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл барлық операцияның 17 пайызын құрайды», деді министр.

Серіктес жаңалықтары