3,6 млрд: Қаржы пирамидасының басшысы Грузияда ұсталды

22 қараша 2023 11:04 / Новости Казахстана

Қаржы пирамидасын құрып, халықтың 3,6 млрд теңгесін қалтасына басқан Қазақстан азаматы үш жыл іздестіру жұмыстарынан кейін Грузияда ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы жариялады. 

«Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдіктіні – Қазақстан азаматын ұстады.

Ол қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық етті деп айыпталуда. Келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астамды құрайды.

Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші бар», - делінген мәліметте.

Ұсталған күдіктіні елге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары