64 мұғалімі «Үздік педагог» атағына ие болды

7 желтоқсан 2023 9:25 / Новости Казахстана

«Үздік педагог-2023» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 64 педагогі өз мамандығы бойынша үздік атанды.

Министр Ғани Бейсембаев жеңімпаздарға салтанатты түрде марапаттарын табыстады.

Конкурс  жеңімпаздары «Үздік педагог» куәлігін, «Үздік педагог» төсбелгісін және 3 450 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы алды.

«Үздік педагог» конкурсы 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы күнге дейін 624 педагог үздік деп танылып, олардың әрқайсысына мемлекеттік қолдау ретінде 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы берілді.

Серіктес жаңалықтары