9 күн бұрын үйінен кетіп қалған әйел іздестірілуде

10 қараша 2023 11:12 / Новости Казахстана

Ақмола облысының Степногор қаласында 9 күн бұрын үйінен кетіп қалған әйелге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қарашада Степногор ПБ кезекші бөліміне тұрғын хабарласып, 22 жастағы әйелі Елена Сергеевна Моисееваның жоғалғанын айтқан.

Әйелі 31 қазанда таңғы сағат 08:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Содан бері одан еш хабар жоқ, ұялы телефоны өшірулі.

Бойы 160-165 см, дене бітімі орташа, шашы қара қысқа, көздері қоңыр, мұрны түзу, ерні жұқа, құлағы кішірек келген.

Үстіне қызғылт сары шәпке, қара, қысқа куртка, қара джинсы, қара етік киген, өзімен бірге жасыл түсті сөмкесі бар.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында жоғалған адамның банк картасынан Астана қаласында қолданылғаны анықталды. Қазіргі уақытта іздеу шаралары жалғасуда, жоғалған адам туралы ақпарат және бағдарлар полиция департаментінің барлық аумақтық бөлімшелеріне және көршілес аймақтарға жіберілді. Елена Сергеевна Моисееваның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдар дереу ішкі істер органдарына хабарласуын сұраймыз, - деді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары