Абай облысында науқастарға мерзімі өткен препарат салынған

2 тамыз 2024 16:00 / Новости Казахстана
Фото: freepik.com

Абай облысы Мақаншы ауданының ауруханасында науқастарға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен анестезия препараттары салынған.  Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша заң бұзушылықтарды анықтаған. Тексеріс нәтижесінде дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Сонымен қатар науқастарға ота жасау кезінде мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия (наркоз) препаратын қолдану фактілері анықталған.

«Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары