«Айбын» орденіне батырлардың есімі берілді

17 сәуір 2024 13:51 / Новости Казахстана

"Мемлекеттiк наградалар туралы" заңға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді қабылдады. Заңды таныстырған Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов бұл үшінші Ұлттық құрылтайдың шешімі негізінде қолға алынғанын айтты. Заң жобасы Конституцияға, мемлекет ратификациялаған халықаралық шарттарға, халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейді екен, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Аталған заң жобасы мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіруге бағытталған және ол арқылы „Айбын“ орденінің әртүрлі дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаев есімдерін беру жөнінде өзгерістер мен толықтыру енгізілмек. Атап айтқанда, орденнің бірінші дәрежесіне Сағадат Нұрмағамбетовтің, екінші дәрежесіне — Бауыржан Момышұлының, үшінші дәрежесіне — Рахымжан Қошқарбаевтың есімі беріледі. Сағадат Нұрмағамбетов — Кеңес Одағының Батыры (1945), Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі (1992-1995), Халық Қаһарманы (1994), Қазақстан Республикасы армиясының генералы (1993). Бауыржан Момышұлы — Қызыл армия командирі, панфиловшы, полковник (1943), Кеңес Одағының Батыры (бұл атақ 1990 жылы, қайтыс болғаннан кейін берілді). Рахымжан Қошқарбаев — Қызыл армия офицері, Рейхстаг баспалдағында жеңіс туын біріншілердің бірі болып көтерді, Халық Қаһарманы (1999). Біздің сайыпқыран ерлеріміздің, Отан қорғаушыларымыздың есімін берудегі таңдап алынған кезектілік олардың даңқты жауынгерлік ерлігіне байланысты», — деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.

 

«

Серіктес жаңалықтары