Әйел бірге тұрған адамның көлігі мен 23 млн теңгесін алып кеткен

24 желтоқсан 2023 10:00 / Новости Казахстана

Оқиға 20 желтоқсан күні Қосшы қаласында болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Көлігі мен ақшасынан елордалық тұрғын полицияға өтінішпен хабарласқан.

Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігімен кетіп қалған. Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында 23 000 000 теңге салынған сөмке бар екенін жеткізді. 

52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды. 

Бұл факт ҚР ҚК 389-бабы 2-бөлігі бойынша тергелуде, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары