Алаяқтар БҚО әкімінің атынан жалған хабар таратқан

29 мамыр 2024 8:00 / Новости Казахстана

WhatsApp қосымшасында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан жалған хабарлама таралуда. Алаяқтар өңір басшысына тиесілі емес нөмірді көрсеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде белгісіз біреулер WhatsApp мессенджерінде облыс әкімінің атынан тұрғындарға хабарлама таратуда, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Аталған хабарламалардың жалған екендігін мәлімдейміз. Облыс әкіміне тиесілі ондай нөмір жоқ. Аталған хабарламаларға сенбеу және күдікті сілтемелерге өтпеу керектігін еске саламыз», деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары