Әлихан Смайылов Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты қарсы алды

2 қараша 2023 17:36 / Новости Казахстана

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты қарсы алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.

Айта кетейік, саммитке Қырғызстан басшысынан бөлек Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан мемлекеттерінің басшылары қатысады.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

 

Серіктес жаңалықтары