Алматы әуежайында неге шетел жұмысшылары қаптап жүр

26 маусым 2024 10:00 / Новости Казахстана

Алматы әуежайының жаңа президенті Гөкер Көсе мекемеде шетелдік жұмысшылардың көбеюіне байланысты сұраққа жауап берді. 2020 жылы мамыр айында түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алған болатын. Сол уақыттан бері, әсіресе, жаңа терминал ғимараты ашылғалы әуежайда шетелдік жұмысшылар көбейген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мекеме басшысы Гөкер Көсе мұны іс-сапармен келетін жұмысшылардың болуымен байланыстырды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

— Әуежайда 3380 жұмысшы бар. Оның қаншауы шетелдік екенін нақты айту қиын. Өйткені кей шетел азаматтары уақытша жұмыс істейді де, сосын кетіп қалады. Біз жаһандық компаниямыз. Сондықтан әуежайда Франция, Үндістан, Түркиядан келген жұмысшыларды көруге болады. Бірақ іс-сапармен келетін жұмысшылар саны ауысып тұрады. Жұмыс тұрақтанған соң шетелдік жұмысшылар үлесі 20%-дан аспайды деп ойлаймын, — деді ол.

 

Серіктес жаңалықтары