Алматы облысында бірқатар елді мекен жарықсыз қалды

15 наурыз 2024 9:00 / Новости Казахстана

Күн райының нашарлауына байланысты кейбір елді мекендерде электр желілері жаппай үзіліп жатыр. Облыстық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, тиісті басқарма қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Аудандар мен Қонаев қаласының әкімдіктері кезекшіліктер ұйымдастырып, «Алатау жарық компаниясы» АҚ энергия тасымалдаушы ұйымының барлық авариялық-қалпына келтіру жасақтары, күшейтілген режимде жұмыс істеуде», - деп хабарлады әкімдіктен.

Қазір «Алатау жарық компаниясы» АҚ үзілген электр желілерін жөндеп жатыр.

Жағдай тұрақты бақылауда.

Серіктес жаңалықтары