Алматы облысында жоғалып кеткен үш жасар қыз әлі табылмады

20 наурыз 2024 10:23 / Новости Казахстана

Алматы облысына қарасты Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қызды іздеуге 300-ге жуық адам жұмылдырылды. 17 наурыз күні түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында үш жасар қыз бала жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Полицияға қыздың анасы хабарласып, көмек сұраған.

Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды.

Қазір іздеу жұмыстарына 300-ге жуық адам жұмылдырылды.

«Полицияға Күш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурызда сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын жеткізді. Бұл дерек бірден аудандық ішкі істер бөліміне тіркелді. Арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы үйретілген иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі.

Серіктес жаңалықтары