Алматы облысының жолдарын камерасы бар патруль көліктер бақылайды

13 қаңтар 2024 9:26 / Новости Казахстана

Алматы облысында жол жүру ережесін бұзғандарды тіркейтін арнайы камералармен жабдықталған полиция көліктері жүр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform жариялады. 

Алматы облысында 20 қызметтік көлікке арнайы құрылғы орнатылған.

«Аппараттық-бағдарламалық кешен фото және видео жазуға, көлік құралдарының жылдамдығын өлшеуге, көліктің мемлекеттік нөмірін тануға, жалпы көлік апатына әкелетін жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтауға арналған», - деп атап өтті Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Құрылғы жолдағы және тұрақтағы көліктердің нөмірін автоматты түрде таниды, алынған деректер Бас прокуратураның жанындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары