Алматыда 13 адам қаза тапқан хостелдің басшысы ұсталды

2 желтоқсан 2023 8:00 / Новости Казахстана

«Алматы Хостел» ғимаратындағы өрт оқиғасына байланысты ҚР ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қылмыстық іс арнайы прокурордың іс жүргізу өндірісіне қабылданды. Құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өрттің шығу себебі мен алғышарттарын анықтау мақсатында оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, сараптамалар тағайындалып, өзге де жедел тергеу іс шаралары ұйымдастырылып жатыр. Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен хостелді жалға алушы А.Мухамедъяров прокурорлармен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды», - делінген ҚР Бас прокуратурасы хабарламасында.

Тергеу аясында хостелдің қызмет көрсетуіне қатысы болған барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Қылмыстық іс тергеуі Бас Прокурордың бақылауында болады. 

Серіктес жаңалықтары