Алматыда «Астана» алаңы жабылуына байланысты 10 автобус бағыты өзгерді

13 қыркүйек 2024 10:00 / Новости Казахстана
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Алматыда Қала күніне орай өтетін ауқымды мерекелік іс-шараларға байланысты 12-16 қыркүйек аралығында Төле би көшесі Панфилов көшесінен Абылай хан даңғылына дейін жабылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қалалық мобильділік басқармасы осы уақыт аралығында 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізілгенін хабарлады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Жол сызбасы өзгерген автобус бағыттар: №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224. «Астана» алаңын шығыс бағытта Қабанбай батыр көшесі арқылы, батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтеді. Сонымен қатар, №16 және 126 бағыттары аталған аумақты Гоголь көшесімен айналып өтеді», - деп хабарлады басқармадан.

 

Серіктес жаңалықтары