Алматыда бірнеше көшеге танымал тұлғалардың есімдері берілмек

15 мамыр 2024 14:23 / Новости Казахстана

Мегаполисте бірнеше көшеге белгілі өнер қайраткерлерінің есімі берілмек. Қалалық мәслихаттың хабарлауынша, тұрғындардан шаһар көшелеріне Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері: әнші Ермек Серкебаев, композитор Ескендір Хасанғалиев, актерлер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконниковтың есімін беру туралы өтініштер келіп түскен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Қалалық мәслихат шешімінің жобасы бойынша Бостандық ауданы Ю.Гагарин даңғылының К.Тимирязев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігіне Ермек Серкебаев даңғылы, Әуезов ауданы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконников атын беру жоспарланған. Ескендір Хасанғалиевтің есімін Түрксіб ауданының «Жас Қанат» шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге беру көзделді, ал Юрий Померанцевтің есімімен қаланың Бостандық ауданындағы атауы жоқ көше аталады»,- деп хабарлады мәслихаттан.

Шешім жобасы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары