Алматыда патрульдік көлік жол апатына ұшырады

14 қаңтар 2024 23:52 / Новости Казахстана

Алматыда әл-Фараби даңғылында патрульдік көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Arbat.media. 

Бұл туралы Kris_p_almaty телеграм арнасы жариялады. 

Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қаңтар күні сағат 16:10-да болды.

«Toyota» автокөлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Достық даңғылының қиылысында есінен танып қалып, Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан автобуспен соқтығысқан. Одан әрі Toyota инерциямен жол бойында тұрған «Chevrolet» патрульдік көлігіне соғылды», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккен екі адамға – Toyota жүргізушісі мен полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары