Алматыда қала маңына қатынайтын оныншы жаңа бағыт іске қосылады

16 желтоқсан 2023 10:00 / Новости Казахстана

Алматыда 16 желтоқсанынан бастап Б. Момышұлы метро станциясынан Әшекеев ауылына қатынайтын №244 жаңа қала маңы маршрут іске қосылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Маршруттағы автобус саны – 13, қозғалыс аралығы – 13 минут. 

Бұл биыл іске қосылған қала маңына қатынайтын оныншы бағыт. 

«Бұған дейін 9 бағыт іске қосылған еді. Атап айтар болсақ, №216 Дәулет кенті – Алматы-1 темір жол вокзалы, №223 Туғанбай кенті – Нұра кенті – Алматы-1 темір жол вокзалы, №232 Тұздыбастау ауылы – Алматы-2 темір жол вокзалы, №233 Қараой – Саяхат, №234 Еламан – Алтай-1 шағын ауданы (ВАЗ), №235 Исаев ауылы – Сәлем базары, №236 Қарғалы – Төле би/Яссауи бұрылыс алаңы, №240 Батыр кенті – Адем-1сауда үйі және №247 Мыңбаев ауылы – Төле би/Яссауи бұрылыс алаңы», - деп атап өтті әкімдіктен. 

Былтыр қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин 2024 жылға қарай халықтың жайлылығы үшін 30 жаңа магистральдық қала маңы маршруттары іске қосылатынын айтқан еді. 

Серіктес жаңалықтары