Алматыда ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлерінің отырысы басталды

21 маусым 2024 14:02 / Новости Казахстана

Алматыда Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы басталды. Жиынға Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Беларуссия сыртқы істер министрі Сергей Алейник, Қырғызстан сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты, - деп хабарлайды Arbat.media.

СІМ басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылап жатыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Олар ҰҚШҰ-ға төрағалық ету кезеңінде Қазақстанның басымдықтарын орындау жөніндегі іс-шараларды іске асыруды қарастырады.

Отырысқа Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян қатыспады.

Айта кетсек, 31 мамыр күні Алматыда ҰҚШҰ қорғаныс министрлері бірқатар құжатқа қол қойған болатын.

Серіктес жаңалықтары