Алматыда вейп-дүкендерге рейд жүргізілді

13 маусым 2024 10:14 / Новости Казахстана

Алматының вейп-дүкендеріне Әуезов ауданының полиция қызметкерлері және “Қазақстан Балалары қоры” ҚҚ іске асыратын “Вейпсіз жастық шақ” жобасының өкілдері рейд жүргізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

- Қолданыстағы заңнамалық шектеулерге сәйкес, құрамында никотині бар вейп сынды темекі өнімдерін 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынады. Рейд аясында жобаның кәмелетке толмаған еріктілері Әуезов ауданының вейп-дүкендеріне барып, электронды темекі сатып алуға тырысты. Вейп-дүкендер оларға электронды темекі сатқан жағдайда полиция өкілдері заңға сәйкес шара қолданды және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ биыл 19 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заң 21 маусымнан бастап күшіне енетінін хабарлады, - деді «Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасының жетекшісі Марат Сайбеков.

«Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасының іске асып келе жатқанына екі жыл болғанын атап өтті. Қоғам белсендісінің айтуынша, мұндай рейдтер өз нәтижесін беріп, заңның қатаң сақталуына көмектеседі.

Әлеуметтік жоба жетекшілерінің бірі - Эльвира Ватлина вейптерді тыйым салатын заң күшіне енген соң, жастардың бір бөлігі электронды шылымды “қара базардан” алса, бір бөлігі дәстүрлі шылымның түрлеріне ауысуы мүмкін екенін айтады.

- 2023 жылы желтоқсан айында “Вейптерге заңмен тыйым салынса, ары қарай не істейсіздер” деген тақырыпта сауалнама жүргіздік. Оған 900 қатысушы болды. Қатысушылардың жас шамасы 14 пен 19 аралығында. Қатысушылардың 3/1 бөлігі вейптерді “қара базардан” алатынын айтқан. Ал қалған бөлігі шылымға ауысуға ниетті екендерін көрсеткен. Жалпы электронды шылымды немесе темекіні толықтай тастауға дайын адамдар бірен-саран. Өйткені вейп шегетін адамдардың көпшілігі оған дейін дәстүрлі шылымды қолданғандарын айтады, - деді “Қазақстан Балалары қоры" қоғамдық қорының директоры Эльвира Ватлина.

Серіктес жаңалықтары