Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты
28 қаңтар 2024 3:50 / Новости Казахстана
Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты. Оқыс оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Алматы қалалық полиция департаменті жол апаты 27 қаңтар таңғы сағат 09:00-де Алатау ауданында болғанын мәлім етті.
Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі, 2003 жылы туған азамат И. Емцов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, автобусқа соқтығысқан.
«Оқиға салдарынан жеңіл машина жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Автобустың төрт жолаушысы медициналық көмекке жүгінді», деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға бойынша Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
19 қыркүйек 2024 16:00 / Новости Казахстана
Нартай Аралбайұлы: Ешкім баласын әскерut жібергісі келмейді
19 қыркүйек 2024 15:23 / Новости Казахстана
Ата-анасы бір жастағы баласының өліміне ақтаулық дәрігерлерді кінәлады
19 қыркүйек 2024 15:00 / Новости Казахстана
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы төленді
19 қыркүйек 2024 14:23 / Новости Казахстана
Қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау басталды
19 қыркүйек 2024 14:00 / Новости Казахстана
АЭС бойынша референдум: Заңнаманы бұзған 4 адам жауапқа тартылды
19 қыркүйек 2024 13:00 / Новости Казахстана