Алматыда жолаушыға толы автобус жеңіл көлікке соғылып, бір адам ажал құшты

26 маусым 2024 22:23 / Новости Казахстана

Алматыда жолаушыға толы автобус жеңіл көлікпен соғылып, бір адам ажал құшты. Тағы 25 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Арасында үш жасөспірім бар. Түскі уақытта болған жол апаты тұрғындардың біразының зәресін алды. Себебі қоғамдық көлік аялдамадағы дүңгіршекті бұзып өтіп, маңайының бәрін қиратқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Жол апаты Мақатаев пен Масанчи көшесінің қиылысында болған. «Киа» маркалы көлігі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, 18-ші бағыттағы автобуспен соқтығысады. Қатты соққыдан қоғамдық көлік оң қапталдағы дүкенді жайпап өткен. Дәл қазір сақшылар жол оқиғасы болған жерді қоршап, тергеп-тексеруге кіріскен.

Жантүршігерлік апаттан бір жолаушы оқиға орнында тілге келместен өліп кетті. Тағы 25 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер науқастардың жағдайын орташа ауыр деп отыр.

— Барлық науқас қажет медициналық көмекті толық алып жатыр. Оның ішінде үш жасөспірім бар. 14,15,16 жаста. Біреуінің мұрны сынған, біреуінің қол-аяғы сынған, үш жасөспірім зардап шекті. Олар қазір тексеруден өткізіліп жатыр, дейді Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ләйлә Иманғалиева.  

Ал апаттан көз жұмған марқұмның аты-жөні анықталуда. Полиция апатқа себепкер болған «Киа» маркалы көлігін 28 жастағы әйелдің тізгіндегенін мәлімдеді. Ал автобус жүргізушісі 55 жаста екен. Қазір олар оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеушілер іске кірісті.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі: — «Киа» маркалы автокөлікті тізгіндеген жас әйел 1996 жылғы. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама зерттеулер тағайындалды. №18 бағыттағы автобус «Сити Бас» компаниясына тиесілі. Сол автопарк директоры өз қызметкеріне шаң жуытпай отыр. «Тәжірибесі мол, жылдамдықты да асырмаған» дейді. Қоғамдық көлік пен кроссовер тізгіндеген жүргізушілер қазір тергеліп жатыр. бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі. 

 

Серіктес жаңалықтары