Алматыдан Тель-Авивке ұшуға тиіс болған КС649 рейсі тоқтатылды
7 қазан 2023 23:37 / Новости Казахстана
Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан Тель-Авивке ұшуға тиіс болған КС649 рейсін тоқтатты, - деп хабарлайды Arbat.media.
"Air Astana әуекомпаниясы Израильдегі әскери эскалация салдарынан Алматыдан Тель-Авивке ұшуға жоспарланған КС649 рейсін орындау мүмкін емес екенін өкінішпен хабарлайды.
Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әуекомпанияның өзгермейтін басты басымдығы.
Air Astana Тель-Авивте орналасқан әуекомпания қызметкерлерін қоса алғанда, қазақстандықтардың елге аман-есен оралуын ұйымдастыру үшін қажетті шаралар мен күш-жігер жұмсауда" делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін бұл компанияның Тель-Авив рейстеріне билет сатуды уақытша тоқтатқанын жазған едік.
19 қыркүйек 2024 16:00 / Новости Казахстана
Нартай Аралбайұлы: Ешкім баласын әскерге жібергісі келмейді
19 қыркүйек 2024 15:23 / Новости Казахстана
Ата-анасы бір жастағы баласының өліміне ақтаулық дәрігерлерді кінәлады
19 қыркүйек 2024 15:00 / Новости Казахстана
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы төленді
19 қыркүйек 2024 14:23 / Новости Казахстана
Қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау басталды
19 қыркүйек 2024 14:00 / Новости Казахстана
АЭС бойынша референдум: Заңнаманы бұзған 4 адам жауапқа тартылды
19 қыркүйек 2024 13:00 / Новости Казахстана