Ақтауда жеткіншек жартастан құлап кетті

29 мамыр 2024 11:23 / Новости Казахстана

Ақтауда жеткіншек 3-4 метр биіктіктегі жартас соқпағынан құлап кетті. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 4 А шағын аудандағы теңіз жағалауында орналасқан қонақ үйдің қасында болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Шақырту күндіз сағат 11-31 де түсті. 2012 жылы туған жасөспірім «Каспиан Ривера» қонақ үйінің артындағы жартастан құлаған. Біз полиция қызметкерлерімен бірге зардап шеккен жеткіншекті зембілмен көтеріп, жедел жәрдем көлігіне жеткіздік», - дейді құтқарушылар, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы тұрақты. Қазір травматология бөлімінде ем алып жатыр.

«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына тез жетіп, жеткіншекті Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Мидың компьютерлік томографиясын жасадық. Жасөспірімге мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы диагнозы қойылды. Науқас бақылауда», - дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Серіктес жаңалықтары