Ақтөбеде тасқын судан зардап шеккендерге арнап есепшот ашылды

2 сәуір 2024 20:01 / Новости Казахстана

Ақтөбеде «Қамқор – Ақтөбе 2024» қоғамдық қор құрылып, есепшоты ашылды. Мұнда түскен қаржы тасқын судан зардап шеккендерге жұмсалады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақтөбе облысы бойынша қазір 761 үй бүлінген. Оның 9-ы қирап қалды. Сонымен бірге өңірде 10 әлеуметтік нысанға су кірді. Көбі Қобда ауданында тіркеліп тұр. Су тасқыны кезінде бүлінген үйлердің шығынын есептеу үшін қазір комиссия жұмыс істеп жатыр. Дегенмен кейбір үйлерде құжат болмауы мүмкін. Оларға көмектесу қиынға соғады.

Қордың байланыс нөмірі: +7 (7132) 41-00-40.

- Өңірде су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмектесу үшін қор құрылды. Оған заңды тұлғалар, жеке адамдар да қаржы аудара алады. Мұның жұмысын заңгерлер, қоғамдық кеңес өкілдері, депутаттар, қоғам белсенділері бақылайды. Бұл қордағы ақша құжаттары дұрыс рәсімделмеген, мемлекеттен көмек беру кезінде заң тұрғысынан кедергіге тап болған адамдарға бағытталады. Қор тікелей барып, тексеру жүргізбейді. Тек бағалау комиссиясының қорытындысымен қаржылай көмек беріледі,- деді «Қамқор – Ақтөбе 2024» қорының басшысы Абдухат Мырзалин. 

Серіктес жаңалықтары