Ақтөбенің экс-әкімін қудалаудан құтқармақ болған Балтаев сотталды

24 қараша 2023 9:00 / Новости Казахстана

Ақтөбенің экс-әкімі Ермек Имантаевты қылмыстық қудалаудан құтқармақ болып компаниядағы үлесі мен ақша алған Н.Балтаев 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

№2 Ақтөбе қалалық сотында бүгін Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылған Нұрлан Балтаевқа үкім шықты. Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаевты алдап кеткен Балтаев сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Сот тараптардың пікірін тыңдап, кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімі Қылмыстық процестік кодекстің талаптарына сәйкес келеді деген қорытындыға келді. Сот Н.Балтаевты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыра отырып, ЖШС жарғылық капиталындағы үлесінің 70% мемлекет пайдасына тәркілеу жазасын тағайындады. Іс бойынша талап қойылған жоқ», - деп хабарлады Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.

 

Серіктес жаңалықтары