Әр мемқызметшіге еш себепсіз 1 млн теңгеден сыйақы берген

16 сәуір 2024 9:00 / Новости Казахстана

Степногор қаласының прокуратурасы мемлекеттік органның қызметкерлеріне негізсіз сыйақы төлеу фактісін анықтады.Мемлекеттік мекеме 2 жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрі бойынша үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге 13,4 млн теңге сомасына негізсіз сыйақы бергені анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Мысалы, тек 3 айдың ішінде мекеме 6,6 млн теңге сомасына 6 қызметкерге негізсіз сыйақы берген. Әр қызметкердің сыйақы мөлшері 1 млн теңгеден асады.

Аталған фактілер бойынша қала прокуратурасы мемлекеттік мекеменің атына қадағалау актісін енгізді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік бюджетке ақшаны қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары