«Арзан ыдыс алып беремін»: Тұрғындарды алдап, 3 млрд теңге жинаған

18 қараша 2023 10:00 / Новости Казахстана

Маңғыстауда Қытайдан төмен бағаға ыдыс-аяқ алдырып беремін деп, тұрғындарды 3 млрд теңгеге алдаған 39 жастағы әйел қамауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.  

Оның үстінен полицияға 250-ге жуық арыз түскен.

39 жастағы келіншек WhatsАpp желісінде топ ашып, Қытайдан төмен бағаға ыдыс-аяқ жеткізетіні туралы хабарлаған. Тауарды жеңілдікпен алу механизміне мүмкіндігінше тапсырыс берушілерді көптеп тартқан.

Келтірілген материалдық шығын көлемі 3 млрд теңгеге жеткен.

«Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір 39 жастағы әйел қамауіа алынып, тергеу жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары