Астанада әйел терезеден секіріп өлді

10 қараша 2023 20:49 / Новости Казахстана

Астанада әйел терезеден секіріп қайтыс болды, тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі жария етті. 

Н. Тілендиев даңғылында әйелдің қаза болу фактісі бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК 105-бабына сәйкес «суицидке жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сараптамалар тағайындалды.

10 қарашада Н. Тілендиев даңғылының бойындағы тұрғын үй терезесінен әйелдің құлағаны туралы қоңырау түсті. Ол алған жарақаттан сол жерде қайтыс болды. ҚР ҚПК 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды, - дейді полициядан. 

Серіктес жаңалықтары