Астанада бас шыршаның шамы жағылды

18 желтоқсан 2023 1:24 / Новости Казахстана

Астанада елорданың бас шыршасын жағу іс-шарасы салтанатты түрде өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты.

Шыршаның биіктігі — 25 метр. Ол жеңіл сәнді ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндамен безендірілген.

Сол сияқты 2 метр болатын жарық шашатын қар ұшқыны көрініс тапқан.

ЭКСПО аумағында өткен шырша жағу рәсімінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама, жаңажылдық жәрмеңке, слайдтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыпқа арналған фотоаймақтар ұйымдастырылды.

Шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты.

Қонақтарды «Жарты Ай адамы» түріндегі қуыршақтар, сол сияқты Қар ханшайымы, ергежейлілер және Щелкунчик бейнесіндегі қуыршақтар қарсы алып, жиналғандарға ерекше көңіл күй сыйлады.

Елорданың 5 ауданында бүгін 30-ға жуық мерекелік шырша жағылды.

Мұз айдындары, слайдтар, жаңажылдық жәрмеңке бар қысқы мұз қалашықтар өз жұмысын бастайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ASTANA (@akimat__astana)

 

 

 

Серіктес жаңалықтары