Астанада биіктен құлаған альпинист мерт болды

13 қазан 2023 14:47 / Новости Казахстана

Астанада биіктен құлаған альпинист мерт болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Астана денсаулық сақтау басқармасы:

12 қазан күні астаналық тұрғын үй кешенінің құрылысында 4 альпинист биіктен құлап, біреуі оқиға орнында ажал құшып, қалған үшеуі №2 қалалық ауруханаға жеткізілген.

Зардап шеккендер бірден қарқынды терапия палаталарына орналастырылған, алынған жарақаттар бойынша жедел емдеу жүргізілген.

Екінші альпинист – 1999 жылы туған ер адам 12 қазан күні 17.40-та қайтыс болды. 1999 және 2002 жылы туған екі альпинист жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде өте ауыр жағдайда жатыр.

Астана әкімдігі «Алтын бесік» тұрғын үй кешеніндегі бүкіл құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтағанын айтты.

Автор
Серіктес жаңалықтары