Астанада ғимаратта құрылыс материалдары өртеніп жатыр

4 қазан 2023 16:09 / Новости Казахстана

Астанада салынып жатқан нысанда құрылыс материалдары өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 15:08-де Есіл ауданында, Хусейн бен Талал мен Мәңгілік ел даңғылы қиылысындағы құрылыс алаңында түтін шыққаны туралы хабар түскен.

«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер салынып жатқан ғимараттың 2-ші қабатында болжамды аумағы 200 шаршы метр болатын құрылыс материалдарының жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндірумен Астана қалалық ТЖМ жеке құрамының 20 маманы мен 4 техникасы айналысып жатыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ»,- деп атап өтеді ведомстводан.

Автор
Серіктес жаңалықтары