Астанадағы саммит: Әуежай мен вокзалдарда жұмыс уақыты өзгере ме?

2 шілде 2024 14:02 / Новости Казахстана

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Астана төрінде бас қосады. ШЫҰ саммиті өтетін күндері елорда әуежайы күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істейді. Көлік министрлігі әуежай мен вокзалдардың жұмыс уақыты өзгермейтінін, қауіпсіздік шарасы күшейтілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Тұрақты рейстердің ұшуы кесте бойынша жоспарланған. Саммитті өткізу кезеңінде жұмысқа сала мамандары мен диспетчерлік құрам тартылды. Жүзден астам қызметкер резерв ретінде жұмылдырылып, елорда әкімдігімен бірлесіп шет тілдерін білетін еріктілер тартылып жатыр. Сондай-ақ Алматы және Қарағанды қалаларында қосымша әуежайлардың дайындығы көзделген», делінген министрлік хабарламасында.

Шанхай ынтымақтастық ұйымын өткізу шеңберінде елордадағы теміржол бекеттері штаттық режимде жұмыс істейді.

Бүгінде теміржол көлігі Астана-1 станциясынан тәулігіне 23 бағыт бойынша 11 мыңға жуық жолаушыны, ал «Нұрлы жол» теміржол вокзалы 8 мың жолаушыны 19 маршрут бойынша тасымалдап жатыр.

Серіктес жаңалықтары