Астаналық бухгалтердің 7 жыл бойы жасырған қылмысы ашылды

3 мамыр 2024 8:12 / Новости Казахстана

Астана прокуратурасы қаладағы мектептердің бірінде бюджет қаражатын 7 жыл бойы жымқырып келген бухгалтердің қылмысын әшкереледі. Ол ұзақ жыл бойы мектепте қызмет етпеген адамға жалған жалақы мен сыйақыларды заңсыз аударған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн теңгеден асты. Тергеу барысында мектеп бухгалтері кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен айыпталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары