"Асыға күтемін". Димаш Құдайберген Будапештте концерт береді

4 желтоқсан 2023 13:12 / Новости Казахстана

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 2024 жылы, 4 мамыр күні Будапештте жеке концертін өткізеді- деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ол әлеужелідегі парақшасында жариялады.

«Менің Stranger концерттік турым жаңа 2024 жылы Еуропада басталатынын хабарлауға қуаныштымын. Дунай жағалауында әдемі Будапешт қаласында – Венгрияның астанасында сіздермен кездесуді асыға күтемін», деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Ал әншінің жеке сайтында концерт Будапешттің ең үлкен жабық алаңдарының бірі – Ласло Паппа атындағы спорт алаңында өтетіні жазылған.

 

Серіктес жаңалықтары