Атырау облысында отбасындағы жанжалдан кейін ер адам өзін өртеп жіберді

13 қаңтар 2024 23:58 / Новости Казахстана

Атырау облысында отбасындағы жанжалдан кейін ер адам өзін өртеп жіберді. Оқиға Доссор ауылында болған. Тұрмыстық жанжалдан кейін ер адам өзіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Атырау онлайн басылымы жариялады.

«13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында Мақат ауданы ІІБ-нің «102» арнасына Доссор ауылындағы Б.Аймағамбетов көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлердің бірінің жанында 1961 жылы туған аудан тұрғыны өзін-өзі өртеп жібергені туралы хабарлама келіп түсті. Осы хабарлама негізінде азаматтың 1961 жылы туылғаны анықталды. Оның денесінің 70 пайызын күйік шалып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінен.

Серіктес жаңалықтары